Қазақстанның Автокөлік Одағы дерегінше, 2026 жылы тамызда ресми дилерлер 19 104 жаңа жеңіл және коммерциялық автокөлік сатты, бұл былтырғы тамызбен салыстырғанда 6,3% көп. Қаңтар-тамыз қорытындысы бойынша жаңа автокөліктер саудасы 146 372 бірлікке жетіп, 2025 жылғы ұқсас кезеңдегіден 2,3% асты.
2026 жылғы тамызда Hyundai дилерлері 3 604 автокөлік сатты, бұл алдыңғы ұқсас кезеңдегіден 1,3% көп.
Екінші орында 2 764 автокөлік нәтижесімен Chevrolet тұр (+5,9%).
Үшінші сатыға саудасы екі еседен аса – 2 217 автокөлікке дейін өскен Changan орналасты (103,2%).
Төртінші орынды алған Kia – 1 556 автокөлік (-25,9%).
Алғашқы бестікті Chery түйіндеді – 1 129 автокөлік (+34,4%).
Әрі қарай тізімде Toyota (1 121; +8,0%), Haval (897; +4,9%), Jetour (865; -6,8%), Geely (815; -9,4%) және BYD (620; +41,6%) бар.
Модельдер арасында бестселлерлер үштігі шілдедегідей: Chevrolet Cobalt – 2 603 автокөлік, Hyundai Tucson (1 643) және Changan CS35 MAX (1 186). Төртінші орынға Hyundai Mufasa көтерілді – 708 автокөлік, ал алғашқы бестікті Hyundai Elantra седаны түйіндеді – 651 автокөлік.
Ондыққа тағы мына модельдер кірді: Kia Sportage (646), Haval Jolion (588), Toyota Camry (583), Changan CS55 Plus (453) және Kia Cerato (350).

Сегіз ай қорытындысы бойынша бірінші орынды 24 563 автокөлік нәтижесімен Hyundai алды. (-21,8%). Екінші орын Chevrolet-ге бұйырды – 23 205 автокөлік (+16,2%). Үшінші орынға 16 380 автокөлігі өткен Kia орналасты (+5,1%). Төртінші орында Changan тұр – 14 144 автокөлік (+102,1%). Көшбасшылар бестігін Chery түйіндеді – 10 815 автокөлік (+16,4%).
Содан кейін тізімге Haval (8 487; +10,5%), Jetour (7 768; -18,2%), JAC (6 326; -4,9%), Toyota (6 137; -6,2%) және Geely (4 609; -30,9%) кірді.