2024 жылдың басынан бері 2 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті жалпы көлемі 2,8 млн га аумақта жер пайдаланушыларға 1750-ге жуық жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оның қорытындысы бойынша 2,2 млн га аумақта жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 1342 ұйғарым шығарылды.
Биылижыл басында берілген тапсырмаға сәйкес 311,3 мың гектар алқапта ауыл шаруашылығы жерлерін игеру басталды. 200,4 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлерін мәжбүрлеп алып қою бойынша сот ісі жүргізілуде.
Сонымен қатар, жердің пайдаланылуы мен қорғалуына, атап айтқанда, Қазақстандағы жер заңнамасы саласында жергілікті атқарушы органдар қабылдаған шешімдердің заңдылығына мемлекеттік бақылау шеңберінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін беру бойынша әкімдіктердің 875 заңсыз қаулысы анықталды. 368,5 мың га жер анықталды. Оның ішінде 84 шешімнің күші жойылды.
«Барлық тексерулер азаматтардың өтініштері мен прокуратурадан түскен өтініштер негізінде жүргізілді. Бұзушылықтардың негізгі сипаты жер учаскелерін конкурссыз беру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беруге конкурс өткізу тәртібін бұзу, жалпыға ортақ жайылымдық жерлерді оқшауланған жер пайдалануға беру және т.б.», — деп түсіндірді үкімет.