Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан банк секторының 2025 жылғы 1 қарашадағы жай-күйі туралы есебін жариялады.
2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша банк секторының активтері негізінен несие портфелінің 42,1 трлн теңгеге дейін, 1,1% өсімі есебінен биылғы қазанда 1,1% ұлғайып, 67,8 трлн теңге болды (2025 жылдың басынан 10,2% өсім).
Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 19,6 трлн теңгені немесе активтердің 28,9%-ын құрады, бұл банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Банк секторының міндеттемелері 2025 жылғы қазанда негізінен клиенттердің салымдарының 1,5%, 46,3 трлн теңгеге дейін және айналысқа шығарылған бағалы қағаздардың 2,2%, 3,0 трлн теңгеге дейін өсуі нәтижесінде 1,0%, 57,8 трлн теңгеге дейін (2025 жылдың басынан бастап 9,8%-ға өсу) ұлғайды.
Банктердің меншікті капиталы 2025 жылғы қазанда негізінен өткен жылдардың бөлінбеген таза пайдасының ұлғаюы нәтижесінде 2,1%, 10,0 трлн теңгеге дейін (2025 жылдың басынан бастап 12,1%-ға өсу) ұлғайды. 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,3%-ды (01.01.2025ж. – 20,4%), меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 20,5%-ды (01.01.2025ж. – 22,0%) құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.
2025 жылғы қаңтар-қазанда банктердің таза пайдасы 2,3 трлн теңгені құрады, бұл 2024 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,5% көп. Банк активтерінің рентабельділігі (RОА) 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 4,3%-ды (01.10.2025ж. – 4,4%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 29,3%-ды (01.10.2025ж. – 29,9%) құрады.