Ұлттық статистика бюросының жедел деректеріне сәйкес, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5% азайып, 6,654 трлн теңгені құрады.

Көрсеткіш ең көп төмендеген Ақмола облысы (38,8%), Атырау облысы (35,2%), Абай облысы (24%), Ақтөбе облысы (19%), Маңғыстау облысы (12,8%), Жамбыл облысы ( 9,7%) және Батыс Қазақстан облысы (7,3%).

Негізгі капиталға инвестиция көлемінің өсуі Қызылорда (41,4%), Жетісу (38,5%), Түркістан (37,8%) және Алматы (21%) облыстарында байқалады.