Экономикаға екінші деңгейдегі банктер берген несие наурызда 0,5% ұлғайып (2026 жылдың басынан бері 0,3% өскен), 40,3 трлн теңге болды.
2026 жылғы наурызда бизнес субъектілеріне берілетін несие портфелі негізінен ЖК қарыздарының 1,1%, 3,2 трлн теңгеге дейін өсуі (2026 жылдың басынан бері 2,4% өсім) есебінен 15,3 трлн теңгеге дейін 0,3% ұлғайды. 2026 жылғы наурызда ШОБ қарыздары 7,4 трлн теңгеге дейін 0,4% ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 8,6% өсім). Ірі бизнеске қарыздар портфелі 2026 жылғы наурызда жекелеген банктердегі жоспарлы өтеулерге байланысты 4,7 трлн теңгеге дейін 0,3% азайды (2026 жылдың басынан бері 14,9% азайған).
Салалар ішінде 2026 жылғы наурызда бағыты аралас серпін байқалады. Өнеркәсіпте кредиттер портфелі 0,9%, 5,0 трлн теңгеге дейін, көлік саласында 6,3%, 1,1 трлн теңгеге дейін, басқа да қызметтерде 1,1%, 3,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Бұл ретте ауыл шаруашылығындағы кредиттер 1,6%, 0,5 трлн теңгеге дейін, құрылыста 1,8%, 0,8 трлн теңгеге дейін, саудада 1,4%, 4,1 трлн теңгеге дейін, ақпарат және байланыс саласында 3,6%, 0,2 трлн теңгеге дейін төмендеді.
2026 жылғы наурызда бизнес субъектілеріне 1,7 трлн теңге сомасында жаңа қарыз берілді, бұл ШОБ субъектілеріне жаңа қарыздар берудің 63,7% ұлғаюы нәтижесінде 2025 жылғы наурызбен салыстырғанда 23,4% көп.