Жыл басынан бергі 3 айдың ішінде негізгі капиталға 2,8 трлн теңге инвестицияланды. Нақты мәнде бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,8% аз. Қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша көрсеткіш 2021 жылдан бері алғаш рет төмендеп отыр.
Төмендеудің себебін іздеуде инвестициялардың жалпы көлемінде ең көп үлесі бар аймақтарға назар аударған жөн. Олар:
- Атырау облысы — 16,9% (476,7 млрд тг);
- Алматы — 10% (280,5 млрд тг);
- Астана — 9,8% (277,1 млрд тг).
Бір қызығы, көшбасшылар арасындағы жалпы теріс динамикаға тек біреуі «кінәлі» – Атырау облысы. Оның негізгі капиталына салынған инвестиция шамамен 30% құлдырады. Мұндай қатты құлдырау осы аймақ мамандандырылған сала тау-кен өндірісінде болып отыр.
Сонымен қатар Алматы 11,4%, Астана 30,8% көп инвестиция тартты. Біріншісінің өсіміне көлік және қоймалау, екіншісіне ақпарат пен байланыс саласы айтарлықтай әсер етті.