Биылғы 10 айда азық-түлік өнімдерін шығару 3,1 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 9,1% жоғары. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.
Ол азық-түлік өндірісіндегі негізгі капиталға салынған инвестициялар 60% өсіп, 225 млрд теңгені құрағанын атап өтті.
АӨК-тегі қайта өңделген өнімдер экспортында да оң динамика байқалады. Осы жылдың 9 айында өңделген өнім экспорты 2,5 млрд долларға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30% көп.