Биыл қаңтар-мамыр айларында балмұздақ және тағамдық мұз өндірісі 19,7 мың тоннаны құрап, бір жылда бірден 40,3% көбейді.
Бір жыл бұрын тиісті кезеңдегі өндіріс көлемі небәрі 1,1% болған. Жалпы өндіріс төрт жыл қатарынан өсіп келеді.
2023 жылдың мамыр айының соңында балмұздақ бір айда 5% қымбаттады. Салыстыру үшін: өткен жылдың мамыр айында балмұздақ бағасы 2,7% өскен еді.
ҚР өңірлері ішінде бағаның ай сайынғы өсімі Алматы қаласында 1,1%-дан Түркістан облысында 19,7%-ға дейін ауытқып отыр. Балмұздақ бағасының айтарлықтай өсімі Алматы облысында (18,2%) және Астанада (10,9%) да байқалды. Бұл ретте ҚР 5 өңірінде баға өзгерген жоқ: Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында.
Бір жыл ішінде балмұздақ бағасы бірден 32,7% қымбаттады, бұл мамырдағы соңғы жылдардағы ең жоғары жылдық баға өсімі. Салыстыру үшін: 2022 жылдың мамыр айында балмұздақ бағасының өсімі 2021 жылдың мамырымен салыстырғанда 15,2% болған.
Өңірлер бойынша балмұздақ бағасының ең жоғары жылдық өсімі Батыс Қазақстан облысында байқалды: бірден 79,7%. Одан кейінгі орында Астана және Алматы облысы: тиісінше 68,4% және 44,7%.
Бағаның ең аз өсімі Павлодар облысында (7,7%), одан кейін Абай облысында және Алматы қаласында (тиісінше 13,6% және 18,6%) тіркелді.
Естеріңізге сала кетейік, таяуда елде балмұздақ өндірісінің көбейгені хабарланған еді.