Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың 2025 жылы елде 20 млн тоннадан астам астық жиналады деген үміт бар екенін айтты. Оның сөзінше, қазіргі таңда егістіктердегі жағдай жақсы.

«Ауа райы қолайлы болса, жылдық орташа астық өнімін 20 миллион тоннадан асады деп болжап отырмыз», — деді Азат Сұлтанов Мәжіліс пен Сенаттың бірлескен отырысынан кейін.

Алайда ішкі және сыртқы нарықтағы теңгерім басқа картинаны көрсетеді. Өткен маркетингтік жылы (2023/24) Қазақстан 12 млн тонна астық экспорттаған еді. Жаңа маусымға болжам – бар болғаны 8–9 млн тонна. Демек, экспорт көлемі шамамен 3–4 млн тоннаға қысқармақ.