2023 жылы 133 км жылу желілерін жаңартуға республикалық бюджеттен 109,5 млрд теңге бөлінді: нысаналы трансферттер – 72,4 млрд теңге, мемлекеттік резерв – 36,2 млрд теңге, бюджеттік несие – 0,9 млрд теңге, деді индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.
Бүгінгі күні жұмыс 78% орындалып, 103 км жылу желілері тартылды.
«Бірнеше өңірде жөндеу жұмыстарының қарқыны төмен және жұмыстың уақытында аяқталмау қаупі бар 10 проблемалық аумақ бар. Маңғыстау облысына екі жобаны жүзеге асыруға 3,5 млрд теңге бөлінді (1 жоба іске асырылуда). Бүгінгі таңда 5,1 шақырымдық жоспармен 100 метр ғана төселді. Құбыр өнімдерінің қажетті көлемі жетіспейді (мерзімі – 20 қыркүйек), – деді министр.
Солтүстік Қазақстан облысында да жағдай осындай, Петропавлда бір жоба бойынша 1,3 шақырымдық жоспармен 200 метр төселді (мерзімі – 30 қыркүйек). «Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қызылорда облыстарындағы екі жоба, сондай-ақ Шымкенттегі бір жоба бойынша орындалу 70%-дан төмен. Жоғарыда аталған жобалар бойынша жөндеу жұмыстарының аяқталмауы және жылу беру маусымында көрсетілетін жылумен жабдықтау қызметінің сапасы мен сенімділігінің нашарлау қаупі жоғары», – деп атап өтті Қанат Шарлапаев.
Жергілікті атқарушы органдар жобаларды аяқтау үшін жедел түрде тиімді шаралар қабылдауы қажет, деді министр.
Білім беру нысандарының жылу беру маусымына дайындығына келсек, облыс әкімдіктері берген ақпаратқа сәйкес, бүгінгі таңда олардың дайындығы 99,6% құрап отыр. «Сегіз облыстағы 42 білім беру нысанында жұмыс әлі де жалғасуда. Оның ішінде 24 нысан күрделі жөндеуден өтуде. Қалған нысандар бойынша жылу жүйелерін жөндеу жұмыстары аяқталмаған. 1 қыркүйекте оқу жылының басына қарай барлық білім беру нысандары жылыту маусымына дайын болуы керек еді», – деп еске алды Қанат Шарлапаев.
Денсаулық сақтау нысандары бойынша дайындық 98,9%, тоғыз облыстағы 62 нысанда жұмыс жалғасуда. «Дайын емес нысандардың ең көп саны Абай облысында (28), Ақтөбе (12) және Атырау (6) облыстарында байқалады», – деп атап өтті Қанат Шарлапаев.
Сондай-ақ биылғы жылға әкімдіктер 1,6 мың км су құбырын жөндеуді жоспарлап, 1,5 мың км немесе 93,6% жөнделді. Жұмыстың төмен қарқыны Алматы (26,7%), Атырау (64,8%) және Түркістан (82,7%) облыстарында байқалады. Сондай-ақ 263 км кәріз желілерін жөндеу жоспарланса, оның 210 км-сы немесе 79,9%-ы жөнделді. Ең төменгі көрсеткіштер Маңғыстау облысында (5,9%), Алматыда (37%) және Алматы облысында (66,7%) байқалды.
«Биыл 13 514 автономды қазандық дайындау қажет. Жұмыс 99,2% орындалды. Оларды дайындау жұмыстары Шымкентте (87%), Абай облысында (91,6%) және Қызылорда облысында (96,9%) жалғасуда», – деп түсіндірді министр.
Ол 47 мың тұрғын үйде жылыту маусымына дайындық жұмыстары аяқталғанын, бұл 94%.
«Биыл қыркүйек айының соңына дейін инженерлік инфрақұрылымды жөндеу жұмыстарын аяқтау қажет болды. Жалпы республика бойынша барлық қаржыландыру көздерін пайдалана отырып, 573 км жылу желілерін жөндеу жоспарланған. Бүгінгі таңда 498 км немесе жоспардың 86,8%-ы жөнделді. Алматы (47,3%), Маңғыстау (54,7%) және Атырау (65,3%) облыстарында жылу желілерінің 70%-дан азы жөнделді», – деді министр.