Биыл 1 тамызындағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке түсімдер шамамен 15,4 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 2 трлн теңгеге немесе 14,7% артық.
Мемлекеттік бюджет түсімдерінің өсуі салық түсімдерінің оң серпінімен қамтамасыз етілді. Осылайша, бюджеттің салық кірістері 25,6% өсіп, абсолюттік мәнде өсім шамамен 2,5 трлн теңгені құрады.
Салық түсімдерінің құрылымында 2023 жылдың алғашқы 8 айында ең үлкен өсімді ҚҚС көрсетті. Осылайша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ҚҚС түсімдері шамамен 1,1 трлн теңгеге (+38,8%) өсті. Бюджеттің салық түсімдерінің өсуіне оң үлес 489,8 млрд теңгеге (+20%) КТС және 252,4 млрд.теңгеге (+35,3%) ЖТС өсуімен байланысты.
Дегенмен, түсімдердің ұлғаюына қарамастан, мемлекеттік бюджет кірістерінің атқарылуы 97,7% тең, бұл ретте 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша кірістер биылға нақтыланған бюджеттің небәрі 62,6%-ын құрайды. 2022 жылы осыған ұқсас кезеңде бюджет кірістерінің атқарылуы 103,6%-ға тең болды, бұл өткен жылы жоспарланған кіріс көлемінен 69,4%-ды құрады.
Осылайша, 2023 жылдың келесі 4 айында мемлекеттік бюджет 37,4% немесе шамамен 9,2 трлн теңгеге толықтырылуы тиіс. Бұл ретте 2022 жылы осыған ұқсас кезеңде бюджетке тағы шамамен 6 трлн теңге жинау қажет болды. Алайда, 2022 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірісі 20,2 трлн теңгені құрады, яғни атқарылуы 103,4%.
Сондай-ақ теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамының серпінін ескере отырып, мемлекеттік бюджет кірістерінің орындалуы тамыз айындағы көрсеткіштерден жоғары болады деп болжауға болады. Дегенмен, экономикалық іскерлік белсенділік индексі (ағымдағы жылдың тамызында 49,8) экономикалық белсенділіктің шамалы баяулауын көрсетуі мүмкін, бұл бюджетке салықтардың кейбір түрлерін алмауға әкелуі мүмкін.
2023 жылғы 1 тамызға мемлекеттік бюджет шығыны
2023 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің шығыны 17,3 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,7% немесе 3,4 трлн теңгеге артық. Негізінен, бюджет шығыстарының өсуі мемлекеттік бюджет шығындарының 3,1 трлн теңгеге (+23,2%) ұлғаюының салдары.
Функционалды топтар бөлінісінде ең үлкен баптар келесідей бөлінеді:
- Білім беру. 8 айдағы шығын 3,5 трлн теңгені құрады, бұл ретте өсім 584,2 млрд теңгені (+20%) құрады;
- Әлеуметтік көмек және қамсыздандыру. 3,5 трлн теңге жұмсалды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 523,8 млрд теңгеге (+17,8%) артық;
- Қарызға қызмет көрсету. Қарыз бойынша проценттерді төлеуге 1,5 трлн теңге бөлінді, өсім 409 млрд теңгені (37,2%) құрады;
- Денсаулық сақтау. Халықтың денсаулығын қамтамасыз етуге 1,5 трлн теңге жұмсалды (+12,4%).