ҚР мемлекеттік бюджетінің шығыны экономикалық сыныптамада қазіргі шығынға, күрделі шығынға, бюджеттік несиеге, қаржы активтерін сатып алуға және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындауға бөлінеді.  

2019-2023 жылдары барлық шығынның орта есеппен 80,7%-ы қазіргі шығынға тиесілі болды (2023 жылы 22,1 трлн теңге). Осы кезеңде барлық қазіргі шығынның орта есеппен 26,2%-ын жеке тұлғаларға трансферттер (2023 жылы 5,4 трлн теңге), 20,7% – қызметтер мен жұмыстарды сатып алу (2023 жылы 4,8 трлн теңге), 17,4% – жалақы (2023 жылы 4,0 трлн теңге), 10,0% – басқа да қазіргі трансферттер (2023 жылы 2,0 трлн теңге), 8,4% – басқа да қазіргі шығын (2023 жылы 1,8 трлн теңге), 6,0% – заңды тұлғаларға қазіргі трансферт (2023 жылы 1,4 трлн теңге), 5,3% – ішкі қарыздар бойынша сыйақы төлемдері (2023 жылы 1,5 трлн теңге), 6,0% – қалған қазіргі шығын (жұмыс берушілердің жарналары, қорларды сатып алу, мемлекеттік емес қарыздар бойынша шығыстарды өтеу, сыртқы қарыздар бойынша сыйақыларды төлеу, шетелге ағымдағы трансферттер, азаматтардың жекелеген санаттарына жалақы төлеу және ҚР заңнамалық актілеріне сәйкес жарналарды аудару) құрады (2023 жылы 1,3 трлн теңге).

 Соңғы 5 жылда күрделі шығынға барлық шығынның орта есеппен 14,2%-ы (2023 жылы 22,1 трлн теңге) бағытталды. 

Олардың ішінде орта есеппен 69,0%-ы дамуға бағытталған күрделі шығынға (2023 жылы 3,0 трлн теңге), 22,3%-ы негізгі құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді сатып алуға (2023 жылы 1,1 трлн теңге), 8,7%-ы негізгі құралдарды күрделі жөндеуге (2023 жылы 323,8 млрд теңге)тиесілі болды.

2019-2023 жылдары шығынның экономикалық сыныптамасы бойынша ҚР мемлекеттік бюджетінің орындалуы қазіргі шығынның тұрақты өсуін (өсімнің орташа қарқыны жылына 17,6% құрады), сондай-ақ олардың жиынтық мемлекеттік шығын құрылымында үстемдігін көрсетеді. Бұл күрделі шығынды ұлғайту мүмкіндіктерін шектейді. 

Жалпы, қазіргі шығын қазіргі тұтынуды қолдайды, олар ұзақ мерзімді экономикалық өсу мен капиталды жинақтау түрінде ұзақ мерзімді қайтарым әкелмейді. 

Бұл ретте инновациялық және инвестициялық қызметті қамтамасыз ететін күрделі шығынның пайдасына қазіргі шығынды қайта бөлу экономикалық өсуді бәсеңдете отырып, тұтынуға теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан күрделі шығынның өсуі үшін бюджеттің мұнай емес түсімдерінің нақты өсуі қажет.

Автор: Меруерт Жұмахан, Сарапшы, Фискалдық саясат орталығы