JPMorgan инвестициялық банкі сарапшылары биткойнның соңғы бір аптада 35% қымбаттап, 55,5 мың долларға жеткеніне не әсер еткенін анықтады, деп хабарлайды Business Insider.
Сарапшылардың айтуынша, бірінші кезекте криптовалютаның бұл түріне институционалды инвесторлардың қызығушылық танытуы бағаның өсуіне әсер еткен.
"Институционалды инвесторлар инфляциядан қорғану үшін биткойнды алтыннан да сенімді деп бағалаған болуы мүмкін", деп жазылған банк сарапшыларының есебінде.
Екіншіден, АҚШ шенеуніктерінің мәлімдемесі де биткойн болашағына оптимизм берді. АҚШ билігі Қытайдың криптовалютаға тыйым салғанынан кейін Америка үкіметінің мұндай қадамға бармайтынын мәлімдеген еді.
Қазан айының басында АҚШ ФРЖ төрағасы Джером Пауэлл криптовалютаға тыйым салмайтынын, бірақ стейблкойндарға бақылауды күшейту керектігін айтқан еді. Арада бірнеше күн өткенде АҚШ Құнды қағаздары және биржа комиссиясның төрағасы да осындай мәлімдеме айтқан еді.
В JPMorgan сарапшыларының пікірінше, үшінші себеп - Lightning Network екінші деңгейі төлем хаттамасының танымалдығының артуы. Бұл биткойнның негізгі блокчейнін айналып өтіп желі арасындағы арналармен тікелей дереу транзакция жасауға мүмкіндік береді.
Қыркүйектің соңында Lightning Network хаттамасы Twitter әлеуметтік желісін сүйемелдей бастады. Енді бұл желі қолданушылары өзара биткойн аудара алады.