Қолданыстағы жергілікті өзін өзі басқаруды дамытудың тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2023 жылы мына көрсеткіштер жүзеге асырылды:
- Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу және облыстардағы аудан әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу;
- Сайлау әкімдердің өкілеттік мерзімінің аяқталуына қарай кезең-кезеңімен өткізіледі. 2021 жылдың шілдесі мен 2024 жылдың наурызы аралығында ауылдық округтерде 2 069 әкім сайланды.
Пилоттық режимде 42 аудан мен 3 облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау өтті.
- Бюджеттің IV деңгей кірістері базасын кеңейту.
- Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде ауылдық округтердің дербестігі үшін бюджеттің IV деңгейіне салықтар мен төлемдердің 25 түрі, оның ішінде 8 салық және 17 салықтық емес төлемдер берілді.
Оның ішінде, 2022 жылы бюджеттің төртінші деңгейіне 4 төлем бойынша түсімдер берілді, 2022-2023 жж. қорытындысы бойынша олардың түсімдері 15,9 млрд теңгені құрады.
Қазіргі уақытта заңнамалық базаны өзгерту бойынша жұмыс жүргізілуде, оның ішінде келесі толықтыруларды енгізу көзделеді:
- ауыл әкімі мен аппаратының өкілеттіктерін кеңейту;
- салықтар мен төлемдердің қосымша түрлерін бюджеттің IV деңгейіне ауыстыру;
- мәслихат өкiлеттiгiн кеңейту;
- мәслихат төрағасының өкілеттіктерін шектеу және мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктерін шектеу;
- ауыл әкімінің еңбекақы төлеудің кесімді жүйесі бойынша еңбек келісімшартымен тұрғындарды жұмысқа алу мүмкіндігі.