2021 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық көлемі нарықтың барлық секторында 147 750,0 млрд теңгені (3476382,5 млн АҚШ долларына баламалы) құрады және 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,8 % (долларлық көрсетілімде 35,2 %) өсті.
2020 жылдың алдыңғы он бір айлық айлық (ақпан-желтоқсан) кезеңімен салыстырғанда сауда-саттық көлемі 35,7 % өсті.
Құнды қағаздар түріне жекелей тоқталар болсақ, осы уақыт аралығында Қазақстан қор биржасында акциялармен жасалған мәмілелерге қатысқан жеке тұлғалардың шоттарының саны алдыңғы айға қарағанда 12,3 % ұлғайды.
Акциялардың брутто-айналымындағы жеке тұлғалардың ақшалай мәндеге үлесі 2021 жылдың қазан айындағы 62,9 %-дан 73,7 %-ге дейін артты.
Қараша айының аяғында "Бағалы қағаздардың орталық депозитариі" АҚ (Алматы, бұдан әрі – ОД) мәліметтері бойынша жеке тұлғалардың атына ашылған жеке шоттардың жалпы саны 213 979 болды, бұл алдыңғы айдың соңына қарағанда 7 666 шотқа артқанын көрсетеді.
2021 жылдың қаңтар-қараша айларына сонымен қатар KASE-де шетел валюталының сауда-саттықтарының көлемі 13 593,4 млрд теңгені құрады және 2020 жылмен салыстырғанда 29,7% өсті.
2020 жылдың алдыңғы он бір айлық (ақпан-желтоқсан) кезеңімен салыстырғанда сауда-саттық көлемі 27 % төмендеді.
Бұдан бөлек, 2021 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстан қор биржасындағы инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының сауда-саттығының көлемі 36,0 млрд тенгені құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 2,3 есе өсті.
2020 жылдың алдыңғы он бір айлық (ақпан-желтоқсан) кезеңімен салыстырғанда сауда-саттық көлемі 78,1 % өсті.
Осы уақыт аралығында мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) сауда-саттығының көлемі 3 326,7 млрд теңгені құрады және 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,1 % төмендеді.
2020 жылдың алдыңғы он бір айлық (ақпан-желтоқсан) кезеңімен салыстырғанда сауда-саттық көлемі 25,51 % төмендеді.
Жыл басынан бері акциялар нарығындағы сауда-саттық көлемі 212,9 млрд теңгені құрады және 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1 % төмендеді.
2020 жылдың алдыңғы он бір айымен (ақпан-желтоқсан) салыстырғанда сауда-саттық көлемі 3,4 % төмендеді.