2021 жылғы тамызда тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 46457 құрады, және өткен аймен салыстырғанда 0,4% артты. 2021 жылғы қаңтар-тамызда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,1 есеге артты, деп хабарлайды Статбюро.
Осы уақыт аралығында жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары – 1,1%, абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату 0,9% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 3,1% жоғары болды.