2021 жылғы маусым айынан бері қайталама нарықтағы пәтерлер бағасы 26,8% қымбаттады, деп хабарлайды Статистика бюросы.
Жаңа тұрғын үйлерді сату 19,5% өсті.
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы маусымда 21% артты.
Өңірлер арасында жаңа салынған пәтерлер бойынша жылдық мәнде баға Нұр-Сұлтан қаласында едәуір өсті –27,9%-ға.
Қайталама нарықтағы пәтерлерең қатты қымбаттағаны Қызылорда қаласында (46,7%), тұрғын үйді жалға алу нарығында баға Алматы қаласы айтарлықтай өсті (48,3%).
Мамырдан бергі бір айда жаңа тұрғын үй бағасы 1,1%, қайталама нарық 0,4% өсті.
Абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы 1,1% төмендеді.