Binance Kazakhstan қарапайым әрі қауіпсіз пассив табыс құралын іске қосты. Компанияның айтуынша, Simple Earn өнімі қазақстандықтар үшін цифрлық активтерді пайдаланып, қосымша табыс алудың жеңіл жолын көрсетеді.

26 тамыздан 26 қазанға дейін алғаш рет USDT Flexible өнімін таңдаған жаңа пайдаланушыларға арнайы бонус беріледі. Олар 5 күн бойы салымға жылдық 20% мөлшерінде табыс (APR) ала алады. Бонус ең көп дегенде 200 USDT-ке дейінгі сомаға есептеледі.

Жаңа құралдың басты ерекшеліктері: күнделікті табыс есептеу; қаражатты еркін енгізу және шығару; дәстүрлі қаржы өнімдерімен салыстырмалы түрде жоғары кірістілік.

Binance Kazakhstan бас менеджері Нұрхат Құшымовтың айтуынша, бұл бастама цифрлық активтердің тек трейдинг құралы емес, қарапайым қаржы өнімдерінің баламасы бола алатынын көрсетеді.

«Біз қазақстандықтарға түсінікті әрі реттелетін шешім ұсынамыз. Simple Earn қаржылық сауаттылықты арттыруға, ұзақ мерзімді жоспарлауға көмектеседі және криптовалюталарды күнделікті өмірде пайдалырақ етеді», – деді ол.

Бұл ұсыныс қысқа мерзімге арналғанымен, криптовалюта нарығына жаңа қатысушыларды тартудың тиімді құралы болуы мүмкін. Қаржы саласының мамандары мұндай өнімдер цифрлық активтерді «тәуекелді инвестициядан» «қолжетімді қаржы құралына» айналдыруға бағытталғанын айтады.