2021 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында білім беру саласына салынған инвестиция көлемі былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 12% азайып 146,9 млрд теңгені құрады.

Республика бойынша экономиканың барлық секторында негізгі капиталға инвестиция 2% өсті, ал білім саласына салынған инвестиция жалпы көрсеткіштің 2%-нан 1,7%-ға азайды.

Өңірлер бойынша инвестицияның жартысынан көбі мына төрт өңірге тиесілі: Алматы (26,9 млрд теңге), Түркістан облысы (20,2 млрд теңге), Шымкент (18,5 млрд теңге) және Алматы облысы (16,6 млрд теңге).

Ең аз инвестиция салынған өңірлер БҚО (2,2 млрд теңге), Ақтөбе облысы (2,6 млрд теңге) және Маңғыстау облысы (3 млрд теңге).

Жалпы 17 өңірдің 12-де инвестиция көлемі азайып кетті.

Естеріңізге сала кетейік, білім беру саласында шамамен 1 млн-нан астам адам қызмет етеді.

Жан басына шаққандағы инвестиция көлемі былтырғы қаңтар-маусым аралығында 74,4 мың теңге болса, биылғы осы уақытта 61,3 мың теңге ғана болды.