2022 жылғы қаңтар—шілдеде білім беру саласына негізгі капиталға инвестиция 148,9 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан ақшалай түрде 79,2%, нақты көлемде 74,8% артық, деп хабарлайды finprom.kz.
Салыстыру үшін: 2021 жылдың сәйкес кезеңінде секторға күрделі салымдар алдыңғы жылдағыдан 18% азайып 83,1 млрд теңгені құраған.
Өңірлер бойынша инвестицияның ең көп көлемі Алматы қаласына түсті: 46 млрд теңге немесе ҚР-ның 30,9%-ы, жылдық өсім 2,3 есе.
Үздік үштікке сондай-ақ Түркістан облысы (19,3 млрд теңге, 60,8% көбейген) және Шымкент (19 млрд теңге, 2,8 есе көбейген) кірді. Секторға салынған барлық күрделі салымдардың 56,6%-ы осы үш өңірге тиесілі.
Білім саласына салынған күрделі салымдардың 63,8%-ы жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етілді: 95 млрд теңге,былтырғыдан бірден 76,2% артық.
Кәсіпорындардың меншікті қаражаты есебінен 30,8 млрд теңге инвестиция тартылып, жылдық өсім 2,1 есеге артты. ал республикалық бюджеттен 15,5 млрд теңге бөлінді. 6,4 млрд теңгені банк несиесі, 1,1 млрд теңгені банктік емес қарыздар құрады.