Қазақстан Республикасының аумағына бидай әкелуге тыйым салынды.

 Статистикалық деректер бойынша ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша бидай импорты 1,3 млн тоннаны құрады, бұл іс жүзінде 2023 жылғы импорттың жылдық көлеміне тең.

Сонымен қатар, Қазақстанның ішкі нарығында өткен жылғы егіннің бидай қоры жеткілікті.