Өткен ауыл шаруашылығы маусымында (2023 жылғы 1 қыркүйектен 2024 жылғы 1 қыркүйекке дейін) Қазақстан 1 млрд 445,2 млн долларға жұмсақ тауар бидайын экспорттады.

Бұл сома 2022-2023 жылғы маусыммен салыстырғанда 487,2 млн долларға аз. Себебі, Қазақстандағы 2023 жылғы егін жинау науқаны кезінде жауын-шашынның көп түсуінен зардап шекті. Соның салдарынан астықтың көлемі де, сапасы да төмен болды. Сәйкесінше, астық бағасы төмендеді, бұл ақшалай түрде экспорттың төмендеуіне әкелді.

Соған қарамастан Қазақстанның дәстүрлі сату нарықтары қазақстандық бидайды сатып алуды жалғастырды. 2023-2024 жылдары негізгі сатып алушылар:

  • Өзбекстан 570 млн доллар;
  • Тәжікстан 263 млн доллар;
  • Қытай 124 млн доллар
  • Түркіменстан 39 млн доллар;
  • Ауғанстан 33 млн доллар;

Сондай-ақ Түркияға (4,1 млн доллар), Қырғызстанға (3,8 млн доллар), Италияға (2,2 млн доллар), Норвегияға (1,4 млн доллар), Данияға (1 млн доллар), Грецияға (0,9 млн доллар), Әзірбайжанға (0,6 млн доллар) жеткізілді.