2023 жылдың басынан бері іс жүзінде жоқ, бірақ қағазда ғана болып келген 2 млн бас ірі қара мал, 3,2 млн бас қой мен ешкі, 3 млн тонна сүт есептен шығарылды. Бұл туралы Үкімет отырысында вице-премьер Серік Жұманғарин баяндады.

«Есептен шығарылған мал басының негізгі үлесі жеке қосалқы шаруашылықтарға тиесілі. Қосымша 2,5 млн тонна дәнді дақылдарды, 2 млн тоннаға жуық картопты және 300 мың тоннадан астам пиязды есептен шығару жоспарлануда. Жалған есептерді қайтадан болдырмау үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін есепке алу және қадағалау, сондай-ақ субсидиялар беру бойынша ақпараттық жүйелер жетілдіріліп жатыр», — деп атап өтті вице-премьер.