Bereke Bank АҚ Директорлар кеңесі банктің Басқарма құрамына өзгерістер енгізу жөнінде шешім қабылдады. Басқарма Төрағасының орынбасарлары - Басқарма мүшелері Магомед Гулаев пен Владимир Савченконың өкілеттіліктері тоқтатылды.
Директорлар кеңесі оларға банктің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін және ең жауапты кезеңде жоғары деңгейде қызмет көрсеткендеріне алғыс білдірді.
Алина Аникина және Серке Қасенов Bereke Bank АҚ Басқармасының жаңа мүшелері әрі Басқарма Төрағасының орынбасарлары атанды.
Алина Аникина операциялық менеджмент және стратегия, жауапты басқару, көшбасшылық, ұйымдастырушылық бойынша ЕМВА дәрежесіне ие. Алина Аникинаның банк жүйісінде 20 жылдық еңбек тәжірибесі бар.
Альфа-Банк тобында қызмет атқарды, оның 10 жылы Қазақстанда еңбек етті, жетекші маманнан Альфа-Банк АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы лауазымына дейін көтерілді.
Серке Қасенов - экономика ғылымдарының кандидаты, банк саласында мол тәжірибесі бар кәсіби маман. Казкоммерцбанк АҚ, Қазақстан Халық банкі АҚ, БТА банк АҚ, Альфа-Банк АҚ сияқты ұйымдарда түрлі басшылық лауазымдар атқарды.
Өзгерістерді ескере келе, Bereke Bank АҚ Басқармасы үш адамнан тұрады:
- Тимченко А. И. - Басқарма Төрағасы;
- Аникина А. В. - Басқарма Төрағасының орынбасары;
- Қасенов С. М. - Басқарма Төрағасының орынбасары.