Bereke Bank 100 млрд теңгеге облигация шығарады, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы.
Құжатта көрсетілгендей, жылдық купондық мөлшерлеме Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесінің 0,35% купондық маржа шегерілген орташа мәні ретінде есептеледі. Банк облигациялар қаржыландыру көздерін әртараптандыру және өтімділікті қолдау үшін шығарылғанын түсіндірді.
Мамыр айының соңында катарлық Lesha Bank инвестициялық банкі Bereke Bank бақылауын 65 миллиард теңгеге сатып алғаны белгілі болды, ол сол кезде бұл сома банк капиталының 40 пайызын ғана құраған.