2020 жылдың басында Қазақстанда бензин акцизі көтеріліп, соның әсерінен АИ-92 қымбаттап кеткен еді. Қаңтар айында 144–146 теңгеге сатылған жанармай наурыз айының басында 158 теңге болды.
Алайда карантиннің әсерінен қалаларда қозғалыс тоқтап, сұраныс азайғаннан кейін тұтыну деңгейі төмендеп, сәуір айының ортасында жанамай 150-152 теңгеге сатыла бастады.
Көршілес өзге елдерде де ақпан айында жанармай бағасы өзгерді. Мәселен, Мәскеуде баға керісінше 0,3 пайыз қымбаттап, теңгеге шаққанда 225,2 теңгеге теңессе, федерацияның кей субъектілерінде баға төмендеген. Жалпы, солтүстік көршіміздегі баға қазір теңгеге шаққанда 245,8 теңге болып тұр.
Ал Қырғызтанда жанармай наурыз айында 218,5 теңгеге сатылса, сәуірде көрсеткіш 215,6 теңгеге саудаланды.
Өзбекстанда жыл басныда АИ-92 бағасы 268 теңге болған, қазір 241 теңгеге түсті.