Әлемнің 13 мемлекетінде офистері бар IBA Group халықаралық IT-холдингі Astana Hub технологиялық паркінің резиденті болып тіркелді. Компания Қазақстанда қоғамдық көлік, ритейл, электронды құжатайналымы мен төлем қабылдау салаларында озық технологияларды енгізу мен дамытумен айналысады.
Технопарктің қатысушылары ретінде 558 IТ-компания тіркелді, оның 54-і шетелдік компания болып табылады. Біз шетелдік технологиялық компаниялардың тарапынан қызығушылықты байқап отырмыз. Көп жағдайда бұл Astana Hub-та ие болатын преференциялар мен жеңілдіктерге байланысты. Мысалы, преференциялар қатысушылар КТС, ҚҚС, тауарлардың импортына салынатын ҚҚС, роялтиға салынатын салық, резиденттер үшін жеке табыс салығы резиденттер емес үшін төленетін әлеуметтік салық төлеуден босатылады. Преференциялардың негізгі мақсаты – технологиялық компанияларға қаражатты үнемдеп, оларды Қазақстандағы инновациялық жобаларды дамытуға қайта инвестициялауға мүмкіндік береді”, — деп өз ойымен бөлісті Astana Hub-тың бас директоры Мағжан Мадиев.
IBA Group технопарктің резиденті болып 2021 жылдың қыркүйегінде тіркелді. Бұл компания Орталық және Шығыс Еуропада IT-шешімдерді ұсынатын ірі жеткізушілердің бірі болып есептеледі. Компанияның 10 орталықтары бар. Штаттағы адамдардың саны 3000-ға тең, ал компанияның портфолиосында 40-тан астам мемлекетте жүргізілетін 2000 астам жоба көрсетілген. Компанияның жаңа орталығы Нұр-Сұлтан заласында орналасты. Жақын арада компания бос орындар туралы хабарлама жариялайды: компания бірінші кезекте бағдарламашы, бизнес-сараптаушы мен консультанттарды іздейді.
«Біз Astana Hub технопарктің әлеуетін көріп оның бөлігі болуға қуаныштымыз. Технопаркқа бос қолмен келіп тұрған жоқпыз: дәл қазір бүкіл Қазақстанда банк секторы, ритейл, көлік пен сақтандыруды жаңа технологиялық деңгейге көтеруге көмектесетін бағыттарды дамытып отырмыз», – деді IBA Group бизнес дамыту бойынша директоры Иван Сукман.
Жүргізілетін жұмыстың негізгі бағыттардың бірі болып қоғамдық көліктің автоматтандырылуы болады. Компанияның өзінің жеке екі бағдарламалық жобалары бар: жол ақысын төлемі мен диспетчерлік басқарудың автоматтандыру жүйелері. Бұл жобалар Беларусьта іске асырылып, Шығыс Қазақстан территориясында істеп тұр.
Оған қоса, біз VAS визуалдық сараптаманы жүргізетін құралды дамытудамыз. Ол ауқымды деректерді өңдеу және жасырын өзара байланысты іздеуде қолданылады. Бұл жоба сақтандыру компаниялар, банк пен ірі халықаралық ұйымдардың қауіпсіздік қызметтері үшін пайдалы болуы тиіс. VAS қаржылық айла-шарғыларды тергеудерде көмектеседі: тапсырыс бойынша жүргізілетін тендерлер, сатып алуларда орын алатын алдау, экономикалық қылмысты тергеу мен сақтандырудағы айлакерлік.
Компания жұмыс жүргізетін бағыттардың бірі қазақстандық стартаптарды қолдау болып табылады. IBA Group инновациялық жобаларға керек «бұлт» ұсынады. Ыңғайлы құралдар мен қызметтер стартаптарға өздерінің қосымшаларын құрып, оларды жақсартуға көмектеседі.