Базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдауға түрткі болған негізгі факторлар туралы

Біз базалық мөлшерлемені ақша-кредит саясаты тұрғысынан орта мерзімді перспективада инфляцияны төмендетуге жағдай жасайтындай деңгейде белгіледік, деді Қазақпаратқа берген сұхбатында Ғалымжан Пірматов айтты.

Біздің қазіргі шешіміміз келесі факторларға байланысты.

Жылдық инфляция мамырда 14%-ға, маусымда 14,5%-ға дейін жеделдеді. Бұл – біздің болжамымыздан жоғары. Инфляцияның шарықтау шегі әлі өтпегенін, баға өзгерістері реттелмегенін көріп отырмыз. Сол сияқты бюджет шығыстарының шамадан тыс өсуіне және бюджет тапшылығының сақталуына байланысты, инфляциялық тәуекелдер фискалдық саясат тұрғысынан айтарлықтай байқалып отыр. 

Біздің болжамымыз бойынша, осы жылдың соңында инфляция алдыңғы болжамның жоғары шегінен (яғни, 13-15% болжамды ескергенде 15%-дан жоғары) асып түседі. Жаңа күтпеген өзгерістер болмаса, инфляция 2023 жылғы бірінші тоқсанның соңына дейін өсіп, одан әрі баяулайды.

Бұрын-соңды болмаған инфляциялық қысым жағдайында ақша-кредит саясаты шараларын уақтында қабылдау – шұғыл әрі қажетті шара, әйтпесе, баға бақылаусыз өсуі мүмкін.

Азық-түлік инфляциясының динамикасы туралы 

Баға азық-түліктің барлық тобында өсті және инфляцияның өсуіне  ең үлкен үлес қосты (маусымда инфляциядағы үлес - 54%).

Азық-түліктің көп бөлігі өзімізде өндірілетініне қарамастан, әлемдік нарықтағы бағаның өсуі инфляциялық қысымды күшейтті. Мысалы, әлемдік азық-түлік инфляциясының индикаторы (ФАО индексі) тарихи ең жоғары деңгейге жақын болуын жалғастыруда. Оның үстіне, жекелеген позициялар бойынша біз тапшылық тәуекеліне байланысты артық сұранысты көріп отырмыз. Оның мысалы ретінде қант бағасын алуға болады. 

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағасының өсуі туралы

Бұл ретте азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызметтердің бағасы да ішкі тұтынуды қолдайтын фискалдық ынталандыру аясында өсіп отырғанын атап өту қажет. Коронавирусқа қарсы ұзақ мерзімді шектеу шараларынан кейін және оларды іс жүзінде алып тастаған соң халық тарапынан ішінара кейінге қалдырылған сұраныс іске асырылуда. Бұл баға қысымын күшейтеді.

Бұдан басқа, ішкі инфляция геосаяси шиеленістердің салдарынан өсу қарқынын сақтап келеді. Бұл көлік логистикасындағы қиындықтармен, сондай-ақ жеткізу мерзімдерінің ұзаруымен, энергия ресурстарына әлемдік деңгейде қалыптасқан жоғары бағалармен де байланысты болып отыр.

Біз көптеген тұтыну тауарлары мен өндіріске арналған аралық шикізатты, яғни сауда әріптестердің жоғары инфляциясын да импорттаймыз. 

Осылайша, сыртқы және ішкі тенденцияларды ескере отырып, біз 2023 жылдың бірінші тоқсанында шарықтау шегіне жететін инфляцияның баяу болса да одан әрі өсуінің жоғары тәуекелдерін көріп отырмыз.

Өсіп келе жатқан инфляциялық қысым мен геосаяси факторлар туралы

Ұлттық Банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдағанда көптеген факторларды ескереді. Біз әлемде инфляцияның жаһандық өсуін көріп отырмыз. Осы жылдың басында болған сауда байланыстары мен жаһандық жеткізу тізбегі бұзылды. Әлемдік экономика қазір жаңа жағдайларға бейімделіп жатыр. Біздің экономика да өсіп келе жатқан сыртқы инфляциялық қысымға бейімделу кезеңінде. Осының барлығын ескере отырып, біз инфляцияның бағаны түзету үшін қажетті мөлшерден артық көтерілмеуін қамтамасыз ету мақсатында базалық мөлшерлемені 50 базистык тармаққа көтеру туралы шешім қабылдадық.

Базалық мөлшерлеменің инфляцияға әсері туралы 

Экономикадағы сұраныс өзгеретін жағдайларға бірден бейімделмейді, сондықтан мөлшерлеме инфляцияға кез келген елде бірден ықпал етпейді. Экономика – көптеген бөліктен тұратын күрделі жүйе, олардың көпшілігі көріне бермейді немесе бірден көрінбейді. Мұны ақша-кредит саясатын жүргізген кезде ескеру қажет. Сондықтан, шешім қабылдау кезінде біз нақты инфляцияны ғана емес, оған қатысты болжамды, болашақтағы инфляцияны ескереміз. Ставка бойынша біздің белсенді әрекетіміз болмаса, инфляция бұдан да жоғары деңгейде қалыптасар еді.

Осылайша, орташа мерзімді перспективада тиімділік туралы айту керек, яғни, ставка туралы шешім инфляциялық процестер мен 2023 жылғы күтулерді тұрақтандыруға және бәсеңдетуге бағытталған.

Базалық мөлшерлеменің орта мерзімді кезеңдегі болашақ сұранысқа және инфляция динамикасына әсері туралы

Базалық мөлшерлемеге қатысты шешім болашақ сұранысқа әсер етеді. Өз кезегінде, өткен инфляция ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен бұрын болған оқиғалардың статистикасы болып саналады. Алдағы алты айдағы инфляция – бұрын басталған процестердің жалғасы. Сондықтан біз орын арлағн инфляцияны есепке аламыз және болашақ инфляцияға әрекет жасаймыз, яғни, инфляция болжамын таргеттейміз.

Ал нақты инфляция бізге болжамды тексеру үшін маңызды. Олардың арасындағы айырмашылық тасымалдау механизмінің параметрлерін қаншалықты жақсы бағалайтынымызды көрсетеді. Содан кейін біз ставканың үлгісіне және траекториясына түзетулер енгіземіз. 

Сондықтан біз мөлшерлемені арттыру немесе төмендетуді бірнеше қадам жасау ақылы орындаймыз. Сол әдіспен ставканың тек инфляцияға ғана емес, беру арнасының бастапқы буындарына – ақша және валюта нарықтарына, депозит нарығына, банктердегі өтімділік теңгерімдеріне қалай әрекет ететінін бағамдаймыз. Кәсіпорындар мен халықтың күтулерін қараймыз.

Базалық мөлшерлеменің экономиканы кредиттеудегі рөлі туралы 

Экономика тұрақты өсуі үшін несиелеудің өсу қарқыны ғана емес, оның сапасы маңызды. Яғни, несиенің өнімді және несиелендірудің жылдам әрі қысқа мерзімді өсуінің орнына қайтарымдылығы жақсы болғаны маңызды. Бәріміз осындай бір несиелік дүрбелеңді 2000-жылдардың басында бастан өткердік және оның қалай аяқталғанын білеміз. Бұл біз үшін абстрактілі сценарий емес.

Ставка несиелендіруге қалай әсер ететіні көптеген факторларға байланысты. Көкжиектен, инфляциядан, несиеге қабілетті қарыз алушылардың болуынан. Қысқа мерзімді көкжиекте және төмен инфляция кезінде базалық ставканың инфляциядан әлдеқайда жоғары көтерілуі шын мәнінде кредитке деген сұраныстың төмендеуіне алып келеді. Бірақ қазір инфляция жоғары. Бізді ұзақ мерзімді көкжиек қызықтырады. Егер мұндай жағдайда мөлшерлемені төмендететін болсақ, иә, несиеге сұраныс өседі, бірақ бірден біз ескертуге міндетті бірқатар тәуекелдер пайда болады. Бұл – сұраныс жағындағы инфляцияның тарылу тәуекелі, долларлану тәуекелі, несиемен қаржыландырылатын ретсіздіктің пайда болу тәуекелі. Ставка неғұрлым төмен болса, бұл тәуекелдер де соғұрлым жоғары болады. Олар жүзеге асқан кезде несиенің өсімін ұмытуға болады. Сол кезде банктердің төмен мөлшерлемелерде берген несиелері мардымсыз болып қалады. Банктер, ал олармен бірге салымшылар, салық төлеушілер, қайта өңдеу секторындағы әлеуетті қарыз алушылар да үлкен шығынға ұшырайды.

Инфляцияны тұрақтандырмай ұзақ мерзімді көкжиекте экономиканың сапалы өсуі туралы айту мүмкін еместігін түсіну өте маңызды.

Әлемде және елімізде ғаламдық инфляцияның сақталып қалу қаупі туралы 

Инфляциялық процестердің тұрақтануы туралы айтуға әлі ерте. Өйткені экономикада инфляциялық тәуекелдер сақталып отыр. Жаһандық инфляция шикізат бағасының жоғары болуы, жеткізілімдер тізбегіндегі түйткілдер, геосаяси жағдайдың ушығуы аясында өз қарқынын сақтап қалып отыр.

Көптеген елде бағаның өсу қарқыны тым жоғары деңгейде. Мұндай жағдайда әлемдегі орталық банктердің риторикасы стагфляция тәуекелдеріне қарамастан «барынша арта» түсуде. Қазақстан экономикасы үшін, сол сияқты басқа да дамушы елдер үшін бұл валюта нарығындағы құбылмалылықтың күшеюіне, капиталдың әкетілуіне және кейіннен ұлттық валютаның әлсіреуіне әкеп соғады.

Әлемдегі қазіргі геосаяси жағдайды және оның одан әрі даму белгісіздігін, экспорттаушы елдерде өнім өндіру көлемі төмендейді деген болжамды ескерсек, әлемдік азық-түлік нарықтарындағы бағалардың айтарлықтай төмендеуі екіталай. Бұл, әлбетте, әлемдегі жаһандық инфляцияның ұзақ уақытқа сақталу қаупін тудырады. Сондықтан, қазіргі таңда инфляциялық процестердің тұрақтануы туралы айтуға ерте.

Базалық мөлшерлеменің осы жылдың соңына дейін қалыптасатын динамикасы туралы 

Базалық ставканың динамикасы инфляциялық тәуекелдер балансының өзгеруіне және бағаның өсуін тежеу бойынша Үкімет іске асыратын шаралардың тиімділігіне байланысты болады. Шешім қабылдау кезінде факторлардың кең ауқымы ескеріледі. Бұл – баға өсуінің ағымдағы көрсеткіші және оның болжамдық мәні, инфляциялық күтулердің өзгеруі, қаржы нарығындағы және экономиканың нақты секторындағы ахуалдың дамуы, негізгі халықаралық нарықтардағы үрдістер және тәуекелдер балансы. Қазіргі таңда базалық мөлшерлемені төмендетуге ерте. Қолданыстағы тәуекелдерді ескере отырып, базалық ставканы ағымдағы деңгейде ұстау қажет.

Мөлшерлемені төмендету мүмкіндігін бағаның өсуін нығайтатын драйверлер әрекетінің әлсіреуі мен нысаналы дәлізге кіру траекториясына сәйкес инфляцияның жоспарлы түрде төмендеуі жағдайында қарауға болады.

Пайыздық арнаның инфляциялық процестерге әсер ету тиімділігін шектейтін факторлар туралы 

Пайыздық арнаның тиімділігін арттыру қажеттілігі - өте өзекті мәселе.  Инфляциялық таргеттеу режимінде пайыздық арна – ақша-кредит саясатының инфляциялық процестерге әсер етуінің негізгі құралы.

Қазіргі таңда пайыздық арнаның тиімділігі төмен, себебі онда баға белгілеу несиелер бойынша мөлшерлемені субсидиялаудың көптеген мемлекеттік бағдарламаларымен бұрмаланған. Олар нарықтық сигналды тоқтатады, банктердің мотивациясын, қарыз алушылардың күтулерін бұрмалайды, бюджеттің ақталмаған шығындарына және бюджет тапшылығы мен мемлекеттік борыштың жинақталуына әкеледі. Шын мәнісінде, салымшылар бюджеттік тапшылықтың бір бөлігін қаржыландырады, ол мемлекеттік бағдарламалар бойынша кейбір тиімсіз кәсіпорындарды субсидиялауға жұмсалатын шығындардан туындайды.

Осыған байланысты Ақша-кредит саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясында көзделген шаралардың негізгі кешені нақ осы трансмиссиялық тетіктің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Пайыздық арнаның пәрменділігін арттыру үшін Үкімет пен Ұлттық Банк қабылдайтын шаралар туралы 

Осы шаралардың бір бөлігі Үкіметтің құзыретіне жатады. Ең жақын маңызды бастама – қабылданған бюджеттік қағиданы тиімді іске асыру. Оның мақсаты – мемлекеттік шығыстардың өсу деңгейі мен қарқынын шектеу, оларды тиімді тұрақтандыру және мұнай бағасының әсерін төмендету. Теңгерімді фискалдық саясат инфляция бойынша нысаналы бағдарларға қол жеткізуге бағытталған шаралардың пәрменділігін арттырады.

Ұлттық Банк, өз тарапынан, өткен жылдан бастап жеңілдетілген экономикалық қолдау бағдарламаларынан кезең-кезеңімен бас тартуға әрекет жасады. 2021 жылы Ұлттық Банк қаржыландыратын 7 бағдарламаның 5-і аяқталды. Қалған бағдарламалардан шығу жұмыстарын келесі жылы аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз.    

Осылайша, фискалдық тәртіпті арттыру, экономиканы тікелей қаржыландырудан және кредиттеу мөлшерлемелерін субсидиялаудан бас тарту пайыздық арнаның пәрменділігін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ экономиканың мемлекеттік қолдаудан тәуелділігін төмендетуге ықпал етеді. 

Экономиканы әртараптандыру, шикізаттық емес экспорттың елеулі өсуі, тұтыну нарықтарын отандық тауарлармен толықтыру, ұлттық валютаға деген сенімді арттыру және қаржы нарығын дамыту бөлігінде барынша елеулі ықпалды сезіну үшін шаралар  қажет.

Ұлттық Банктің алдында бүкіл әлемдік экономика үшін күрделі сын-қатерлер кезеңінде үлкен міндеттер тұр. Біз күн сайын жағдайға біздің экономикамызға әсер ету тұрғысынан мониторинг жүргізіп, Қазақстандағы қаржылық және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қажетті шешімдер қабылдаймыз.