Нұр-Сұлтан қаласында өткен "Тұрғын үй кооперативтері: Әлеуметтік әлсіз топтарға арналған баспана бағдарламалары" атты баспасөз конференциясында ROI тұтынушылық кооперативінің төрағасы Арген Нұржанов жаңа баспана бағдарламасын таныстырды.
Қазақстанда банктердің ипотекасы мен мемлекеттік бағдарламаларға іліне алмайтын 600 мыңдай адам бар. Бұл санаттағы азаматтардың баспаналы болуына бірден бір шешім тұрғын үй кооперативтері.
Көп адам кооперативтерді қаржылық пирамидалармен шатастырады. Кооперативтердің желілік маркетинг немесе қаржылық пирамида емес екені туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің шешімі бар. Сонымен қатар қаржылық пирамида мен кооперативтердің айырмашылықтары мыналар:
- Қаржылық пирамида ең алдымен табыс табу мақсатында құрылады. Ал кооперативтерге табыс табуға тыйым салынған. Кооператив коммерциялық емес ұйым.
- Пирамидаларды бір немесе бірнеше адам өз беттерімен басқарады. Ал кооперативтерде ұжымдық басқару.
- Пирамидаларда айналым жасырын және қайда инвестициялайтыны белегісіз. Кооперативтерде тек қана нақты материалды активтер болады.
ROI тұтынушылық кооперативінің төрағасы Арген Нұржановтың айтуынша, қазіргі таңда кооперативте 17 мыңдай үлескер бар. Бүгінге дейін 13 мың адам кооперативтен шығып, оларға 4,5 млрд теңгесі қайтарылып берді. Ал үй алған үлескерлер саны 1500 шамасында. Олар жалпы құны 12 млрд теңгенің мүлігін алған.
Бір айта кетерлігі, кооператив коммерциялық емес ұйым және азаматтық құқықтық негізде құрылатындықтан, кооперативтерді құқық қорғау органдарының тексеруге құзіреті жоқ.
Көпшіліктің пікірінше, кооперативтер белгілі бір уақыттан кейін ерте ақша салғандарға үй беріп, кейінгілер ақшасыз және үйсіз қалуы мүмкін. Алайда, тұрғын үй кооперативтері әдетте 5-7 жылға үйді қарызға береді, осы уақытта үй алған үлескер қарызын қайтарып отырады, бұл ақша да тиісінше айналымға шығарылып, кейінгі салымшылар үшін үй алуға жұмсалады. Сонымен қатар, уақыт өткен сайын үй бағасының тұрақты қымбаттайтынын ескерсек, кооператив бір кездері сатып алған үйі қымбаттап, салымшылар үшін қосымша қаражат пайда болады.
Корперативтердің тағы бір ерекшелігі, жоғарыда айтылған 600 мың азаматтың ішінде банктерде қара тізімде тұрғандар, ресми табысы жоқ және зейнетақы аударымдары жасалмайтын адамдар, сонымен қатар банктерге бармай, принципиалды түрде діни сенім бойынша пайыздық өсіммен жұмы істемейтін азаматтар бар. Тұрғын үй кооперативтері осы санаттағы азаматтар үшін үйлі болудың таптырмас жолы. Себебі кооперативтерде табысты ресми дәлелдеу қажет емес және үйдің ақысын төлегенде үстінен пайыз есептелмейді.