2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша банк секторының активтері негізінен несие портфелінің 41,6 трлн теңгеге дейін 1,8% өсуі есебінен ағымдағы жылғы қыркүйекте 0,6% ұлғайып, 67 трлн теңге болды (2025 жылдың басынан 8,9% өсім).
Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 19,1 трлн теңгені немесе активтердің 28,4%-ын құрады, бұл банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Банк секторының міндеттемелері 2025 жылғы қыркүйекте негізінен заңды тұлғалардың салымдарының 3,3%, 19,2 трлн теңгеге дейін өсуі және айналысқа шығарылған бағалы қағаздардың 0,9%, 2,9 трлн теңгеге дейін өсуі нәтижесінде 0,7%, 57,3 трлн теңгеге дейін (2025 жылдың басынан 8,8% өсім) ұлғайды.
Банктердің меншікті капиталы 2025 жылғы қыркүйекте негізінен өткен жылдардың бөлінбеген таза пайдасының қысқаруы нәтижесінде 0,3%, 9,8 трлн теңгеге дейін (2025 жылдың басынан 9,8% өсім) ұлғайды.
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (К1) 19,1% (01.01.2025 ж. – 20,4%), меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (К2) 20,3% (01.01.2025 ж. – 22%) болды. Бұл көрсеткіштер заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір жоғары және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.
2025 жылғы қаңтар–қыркүйекте банктердің таза пайдасы 2,1 трлн теңгені құрап, 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 10,6% көп болды. Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 4,4% (01.09.2025 ж. – 4,5%), ал капиталдың рентабельділігі (ROE) 29,9% (01.09.2025 ж. – 30,8%) болды.