Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 2,7%-ға ұлғайып, 2022 жылғы маусымның соңында 20 050,8 млрд теңгені құрады (жылдық мәнде өсу 27,5% болды). Заңды тұлғаларды кредиттеу бір айда 8 080,9 млрд теңгеге дейін 2,4%-ға, жеке тұлғаларды кредиттеу 11 969,9 млрд теңгеге дейін 2,9%-ға өсті. 

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 18 245,9 млрд теңгеге дейін 1,9%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,1%-ға төмендеді, жеке тұлғаларға берілген кредиттер  -2,9%-ға өсті. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 804,9 млрд теңгеге дейін 11,8%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 11,9%-ға өсті, жеке тұлғаларға берілген кредиттер 5,1%-ға төмендеді. 2022 жылғы маусымның соңында теңгелік кредиттердің үлес салмағы 91,0% (2021 жылғы желтоқсанда – 89,7%) болды.

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 16 599,8 млрд теңгеге дейін 2,8%-ға, қысқа мерзімді кредиттер көлемі 3 451,0 млрд теңгеге дейін 2,1%-ға ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2022 жылғы маусымда 4 168,1 млрд теңгеге дейін 4,5%-ға өсті (корпоративтік сектор кредиттерінің жалпы көлемінің
51,6%-ы).

2022 жылғы маусымда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 15,8% (2021 жылғы маусымда –  11,6%), жеке тұлғаларға – 17,2% (16,6%) болды.