2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 21 екінші деңгейдегі банк бар, оның 12-сі шетелдің қатысуымен, оның ішінде 8-і еншілес банк.
2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша банк секторының активтері ағымдағы жылғы мамырда негізінен несие портфелінің 1,5% немесе 397 млрд теңгеге өсуі нәтижесінде 1,2% немесе 531 млрд теңгеге ұлғайып, 45,4 трлн теңгені құрады (2023 жылдың басынан бері 1,8% немесе 811 млрд теңгеге өсті).
Өтімділігі жоғары активтер 13,9 трлн теңгені немесе активтердің 30,5%-ын құрады, бұл банктерге клиенттер алдындағы өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
2023 жылғы мамырда екінші деңгейдегі банктер экономикаға берген кредиттер 1,6%, 24,1 трлн теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бері 5,7% өсті). Ұлттық валютадағы кредиттер 1,8% 22,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы кредиттер 1,6%, 1,7 трлн теңгеге дейін, оның ішінде қайта бағалау есебінен 1,2% азайды.
Заңды тұлғаларға берілген кредиттер 2023 жылғы мамырда 0,2%, 8,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 2,0% өсті). Бұл ретте дара кәсіпкерлерді қоса алғанда, бизнес субъектілеріне берілген жиынтық кредиттер 2023 жылғы мамырда 1,0%, 10,0 трлн теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бері 3,9% өсті). ШОБ субъектілеріне қарыздар 1,5%, 6,4 трлн теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бері 6,8% өсті), ірі бизнеске берілген қарыздар 0,03%, 3,6 трлн теңгеге дейін азайды (2023 жылдың басынан бері 0,9% төмендеді).
2023 жылғы мамырда бизнес субъектілеріне 1 270 млрд теңге сомасына жаңа қарыздар берілген. 2023 жылғы 5 айда бизнес субъектілеріне 5 565 млрд теңге берілген, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 15,0% артық.
Жеке тұлғаларға берілген кредиттер тұтынушылық қарыздардың 2,3%, 8,3 трлн теңгеге дейін және ипотекалық қарыздардың 1,1%, 4,9 трлн теңгеге дейін өсуі есебінен 2023 жылғы мамырда 15,3 трлн теңгені құрап, 2,4% ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 8,0% өсті).
Кредиттік портфельдің сапасы тұрақты болып қалуда. 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша банк секторы бойынша мерзімі өткен берешегі 90 күннен асқан қарыздар (NPL 90+) деңгейі несие портфелінің 3,6%-ын немесе 927 млрд теңгені (2023 жылғы 1 қаңтарда – 3,4% немесе 815 млрд теңге) құрады.
ШОБ-ты есепке алғанда заңды тұлғалар портфелінде NPL90+ деңгейі 3,2%-ды немесе 359 млрд теңгені, жеке тұлғалар портфелінде 4,0%-ды немесе 568 млрд теңгені құрады. Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен өтеу жоғары деңгейде сақталып, 77,4%-ды құрайды (01.01.2023ж. – 76,9%).
Ағымдағы жылғы мамырда банктердің меншікті капиталы кейбір ірі банктерде дивидендтер төлеу аясында 4,3%-ға 5,6 трлн теңгеге дейін азайды (2023 жылдың басынан бері 7,9%-ға өсті). 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 18,5%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 21,4%-ды құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.
2023 жылғы мамырда банк секторының міндеттемелері клиенттер депозиттерінің өсуі есебінен 2,0%, 39,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 1,0% немесе 401 млрд теңгеге өсті).
Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2023 жылғы мамырда заңды тұлғалар депозиттерінің 1,4%, 14,7 трлн теңгеге дейін және жеке тұлғалар депозиттерінің 0,9%, 15,9 трлн теңгеге дейін өсуінің нәтижесінде 1,2%, 30,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Ұлттық валютадағы депозиттер 2023 жылғы мамырда 2,5%, 21,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттер 2,0%, 8,7 трлн теңгеге дейін азайды. Нәтижесінде долларлану деңгейі төмендеп, 2023 жылғы 1 маусымда 28,4%-ды құрады (2023 жылдың басында – 31,6%).
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 2023 жылғы мамырда 14,5%-ды (2023 жылғы сәуірде – 14,5%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 13,8%-ды (2023 жылғы сәуірде – 13,9%) құрады.