Биыл шілдеде банктердің меншікті капиталы 3,7%, 5,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 13,6% өсті). 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 18,8%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 21,5%-ды құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.
2023 жылғы шілдеде банк секторының міндеттемелері РЕПО операциялары көлемінің 22,5% азаюы есебінен 0,6%, 40,6 трлн теңгеге дейін азайды (2023 жылдың басынан бері 3,3% немесе 1,3 трлн теңгеге өсті).
Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2023 жылғы шілдеде заңды тұлғалар депозиттерінің 4,3%, 14,1 трлн теңгеге дейін төмендеуі нәтижесінде 1,6%, 30,7 трлн теңгеге дейін азайды. Жеке тұлғалардың депозиттері бір айда 0,7%, 16,6 трлн теңгеге дейін өсті.
Ұлттық валютадағы депозиттер 2023 жылғы шілдеде 0,5%, 22,8 трлн теңгеге дейін, шетел валютасындағы депозиттер 4,7%, 7,9 трлн теңгеге дейін азайды. Нәтижесінде долларлану деңгейі 2023 жылғы 1 тамызда 25,6%-ды құрады (2023 жылдың басында – 31,6%).
2023 жылғы шілдеде 14,6%-ды (2023 жылғы маусымда – 14,6%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 13,9%-ды (2023 жылғы маусымда – 14,0%) құрады.