Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 3,6%-ға ұлғайып, 2021 жылғы мамырдың соңында 15 640,6 млрд теңге болды. Заңды тұлғаларға кредиттер көлемі 7 431,1 млрд теңгеге дейін 3,9%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер көлемі 8 209,5 млрд теңгеге дейін 3,3%-ға ұлғайды.
Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 13 627,5 млрд теңгеге дейін 2,4%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 1,0%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер – 3,3%-ға өсті. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 2 013,1 млрд теңгеге дейін 12,6%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 12,9%-ға өсіп, жеке тұлғаларға кредиттер 4,4%-ға төмендеді. Кредиттердің теңгемен үлес салмағы 2021 жылғы мамырдың соңында 87,1% (2020 жылғы желтоқсанда – 87,0%) болды.
Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 13 412,8 млрд теңгеге дейін 3,9%-ға, қысқа мерзімді кредиттер көлемі – 2 227,8 млрд теңгеге дейін 1,6%-ға ұлғайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2021 жылғы мамырда 2 827,0 млрд теңгеге дейін 12,2%-ға (экономикаға берілген кредиттердің жалпы көлемінен 18,1%) өсті.
Салалар бойынша бөлгенде банктердің экономикаға берілген кредиттерінің ең көп сомасы өнеркәсіп (корпоративтік сектордың жалпы көлеміндегі үлесі – 29,3%), сауда (21,4%), құрылыс (8,0%) және көлік (5,9%) сияқты салаларға тиесілі.
2021 жылғы мамырда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,6% (2020 жылғы мамырда – 11,4%), жеке тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша – 17,5% (17,6%) болды.