Ұлттық банктің мәліметтеріне сәйкес, 2023 жылы I тоқсанда Қазақстандық екінші деңгейлі банктер 509,7 млрд теңге таза пайда тапты.
2022 жылдың қаңтар-наурызында бұл көрсеткіш – 358,9 млрд теңге болған. Осылайша былтырғымен салыстырғанда таза пайда 42% көбейіп отыр.
Жалпы, банктердің 3 айда жарты триллион теңге көлемінде пайда табуы қалыпты жағдайға айналды.
2022 жылдыың III тоқсанында банктердің таза пайдасы 544,8 млрд теңге, IV тоқсанда 566,4 млрд теңге болған. Қазіргі 509,7 млрд теңге азайғаны.
Табыс, әрине, сектор бойынша біркелкі емес. Жартысынан астамы 2 банкке – Халық банкіне (168,1 млрд теңге) және Kaspi-ге (105,8 млрд теңге) тиесілі.
Үшінші орында Еуразиялық банк – 37,6 млрд теңге. Айтпақшы, активтері бойынша 3-ші орында тұрған Центркредит банкі табысы бойынша жетінші орында (25 млрд теңге)
Бір ғана банк шығынға ұшырады. Бұл Заман-Банк ислам банкі, тоқсан қорытындысы бойынша 2,6 млрд теңге шығындалды.