ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тамыз айында қаржы ұйымдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ коллекторлық агенттіктердің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 1160-тан астам өтінішін қарады. Өтініштердің ең үлкен үлесі банк секторына келді – 726 өтініш.
Азаматтардың өтініштерін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті қарайды. Әр бір өтініш бойынша құжаттамалық тексеру жүргізіледі.
Fingramota.kz қаржылық қызметтерді тұтынушы өзінің құқықтары бұзылған жағдайда өтініштерін:
- жазбаша нысанда, курьер арқылы, А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша, байланыс телефоны: +7 (727) 2619 200;
- электрондық пошта бойынша: TAL@finreg.kz, info@finreg.kz:
- аумақтық тиістілігі бойынша ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Өңірлік өкілдер басқармаларына жіберуге болатынын ескереді.
Азаматтар, сондай-ақ Алматы қ., Панфилов көш., 98 мекенжайы бойынша Агенттік жанындағы Қоғамдық қабылдау бөлмесіне (сағ. 10.00-13.00) жеке қабылдауға жазыла алады. Жазылу үшін Yermek.Utemisov@finreg.kz электрондық мекенжайына алдын ала мынадай деректерді жіберу қажет: ТАӘ, ЖСН, байланыс деректері, қаржы ұйымының толық атауы, өтініштің қысқаша сипаты және міндетті түрде «Қабылдауға жазылу» тақырыбын көрсету.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін 2020 жылғы 26 наурыздан бастап Агенттікте қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жедел желі жұмыс істейді. Агенттіктің жедел желісінің телефоны: +7 (727) 2788 122, 2788 144. Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағ. 9.00-ден 17.00-ге дейін.
Қазіргі күнге жедел желі арқылы азаматтардан қарыздар бойынша берешекті қайта құрылымдау, кредиттер бойынша мерзімін кейінге қалдыру, карантин кезеңінде қосымша қолдау шаралары, әлеуметтік төлем сомаларынан шектеулерді алып тастау және т.б. мәселелер бойынша 22 мыңнан астам өтініш қабылданып өңделді.
Қаржы реттеушісімен жедел өзара іс-әрекет ету мақсатында «Fingramota Online» мобильді қосымшасын пайдалануға болады. Осы мессенджердің көмегімен 24/7 режимінде азаматтар қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде олардың құқықтарының бұзылуына, қаржы өнімдерін пайдалану шарттарына қатысты сауалдар қоя алады, қаржылық алаяқтық және қызметінде қаржылық пирамида белгілері көрінген күмәнді ұйымдар және басқа туралы хабарлай алады.
Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін 13 тақырыптық айдар құрылды, әр күні жаңалықтар топтамасы жаңартылып отырады. Бұл мессенджер арқылы қаржы реттеушісіне 1 мыңнан астам азамат сауалдарымен жүгінген. Қосымша мемлекеттік және орыс тілдерінде көшіру үшін:
App Store-да: https://apps.apple.com/kz/app/fingramota-online/id1134502211
Play Market-те: https://play.google.com/store/apps/details сілтемелері бойынша қолжетімді.