2021 жылдың қаңтар-қазан аралығында білім беруге салынған инветсиция былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 15,7% азайып 175,2 млрд теңгені құрады. 

Былтыр инвестиция 20,8% өсіп 201,8 млрд теңге болған еді.

Білім саласына ең көп инветсиция салынған өңірлер Алматы қаласы (31,3 млрд теңге), Түркістан облысы (22,3 млрд теңге), Шымкент (19,9 млрд теңге) және Нұр-Сұлтан (18,8 млрд теңге).

Ең аз салынған өңірлер БҚО (3 млрд теңге), Ақтөбе (3,2 млрд теңге), Маңғыстау (3,4 млрд теңге) және Атырау (3,7 млрд теңге). 

Салынған инвестицияның үштен екісіне жуығы (97,4 млрд теңге) жергілікті бюджеттен.

Кәсіпорындарды өз қаржысы мен республикалық бюджет үлесі тиісінше 40,1 млрд және 21,9 млрд теңге. 

Банктік емес қарыздар 9,1 млрд теңгеге жетсе, банктердің несиелері 6,2 млрд теңгеден 6,6 млрд теңгеге жетті.