2020 жылғы бірінші тоқсандағы карантин қарыз алушылардың кредит алу қабілеттілігін әлсіретіп, кредитке деген сұранысты қысқартты, сондай-ақ банктердің талаптарын күшейтуіне себеп болды.
Ірі банктердің пікірінше, кредиттің ай сайынғы төлемін төлеуде негізінен қызмет көрсету және сауда салалары қиындық көрді.
Шағын және орта бизнесте банктер ауыл шаруашылығы мен құрылысты, ал ірі бизнес арасында – өнеркәсіп пен
көлікті ең зардап шеккендер ретінде атап өтеді.
Бизнес тарапынан кредитке сұраныс төмендеді. Бірақ ірі бизнес тарапынан сұраныстың төмендеуі айтарлықтай көп болмады.
Теңгемен қысқамерзімді қарыздарға сұраныс біршама өсті және валютамен ұзақмерзімді қарыздар айтарлықтай қысқарды.
Банктер сұраныстың төмендеуін кредиттеу талаптарының қатаңдауымен және қарыз алушылардың қарыздарды қайта құрылымдауға қажеттілігімен байланыстырады. Көптеген банктер шағын және орта бизнеске төлемдер бойынша мерзімін кейінге қалдыруға мүмкіндік берді. Көптеген респонденттердің пікірінше, төлемдер бойынша мерзімін кейінге қалдыру теңгемен қамтамасыз етілген қарыздар бойынша жиі берілген.
Банктердің бизнесті кредиттеуге дайындығы бизнестің ірі сегменті үшін біршама төмендеді, шағын және орта бизнес сегменттері үшін өзгерістер болған жоқ.
Сапалы қарыз алушы үшін бәсекелестік шеңберінде кредиттеу талаптарын жеңілдетудің жекелеген жағдайларына қарамастан, жалпы жүйе бойынша кредиттеу талаптары аздап қатаңдатылды.
Қорландыру құны мен тәуекелдерінің өсуі, экономикалық құлдырауды күту және экономиканың жекелеген салаларында тәуекелдің артуы себеп болды. Мұндай талаптарда банктер корпоративтік кредиттер бойынша мөлшерлемелерді көтерді, бірақ
көп емес.
Эпидемия қашықтықтан қызмет көрсету қажеттілігін арттырды, бірақ олардың ұсынысын көпшілігі кеңейте алмады.
Көптеген банктер екінші тоқсанда кредитке сұраныс негізінен шағын және орта бизнесте біршама төмендейді және ірі бизнесте өседі деп санайды. Кредиттеу талаптары барлық сегменттер үшін қатаңдатылатын болады.
Банктер кредит қабілеттілігіне қойылатын талаптарды қатаңдатуды, кредиттеудің барынша тәуекелді түрлері бойынша маржаны кеңейтуді жоспарлауда.