Банк секторының активтері 2026 жылғы 1 тамызда, ағымдағы жылғы шілде айында негізінен өтімді активтердің 4,0%, 28,7 трлн теңгеге дейін ұлғаюы есебінен 75,6 трлн теңгені құрап, 1,9% ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 6,9% өсім).
Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 23,2 трлн теңгені немесе активтердің 30,7%-ын құрады, бұл банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Банк секторының міндеттемелері 2026 жылғы шілдеде заңды тұлғалар салымдарының 2,7% ұлғаюы есебінен 1,9%, 64,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 6,8% өсім). Банк секторы міндеттемелерінің құрылымындағы негізгі үлесті 80,4% немесе 51,7 трлн теңгені құрайтын клиенттердің салымдары алады.
2026 жылғы шілдеде банктердің меншікті капиталы қайта бағалау резервтерінің ұлғаюы есебінен 1,9%, 11,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 7,6% өсім). 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,9%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) 20,7%-ды құрады, бұл белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді жабуды қамтамасыз етеді.
2026 жылдың басынан бері банктердің таза пайдасы 1 396 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 14,9% аз. Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 2026 жылғы 1 тамызда 3,5%-ды (2026 жылғы 1 шілдеде – 3,7%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 23,2%-ды (2026 жылғы 1 шілдеде – 24,1%) құрады.