Банкаралық мобильді аударымдар жүйесіне тағы 3 банк қосылды. Атап айтқанда, олар KMF Bank, Еуразиялық банк және Bereke Bank.
Енді қазақстандық 12 банк клиенттері басқа банктерге телефон нөмірі бойынша қаражат аудара алады. Аударма жасау үшін есеп шотының реквизиттерін енгізудің қажеті жоқ, бар болғаны телефон нөмірін теріп, банктің мобильді қосымшасында операцияны растау.
Бүгінде аталған жүйеге жоғарыдағы үш банктен бөлек Freedom Bank, Bank RBK, Halyk Bank, Altyn Bank, ЦентрКредит Банкі, Home Credit Bank, ForteBank, Nurbank, Alatau City Bank кіреді.
Еске салайық, 2024 жылы Қазақстанда екі банктің қатысуымен біртұтас QR жүйесінің пилоттық режимі іске қосылған болатын. Жоспар бойынша, 2026 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін барлық банктердің клиенттері осы сервисті толық пайдалана алады.