Jusan Bank жақында Астана қаласында өткен «Ж күні» аясында өз серіктестері мен қаржы тақырыбында белсенді жазып жүрген журналистердің басын қосты. Шараның мақсаты – халықтың қаржылық сауатын арттыру және осы тақырыпта жазып жүрген журналист қауымды ынталандыру болатын.

Банк аталған кеш және сол күні өткізілген PR-форум аясында қаржы тақырыбына қалам тербеп жүрген үздік журналистерді марапаттауды да ұмытқан жоқ.

Атап айтқанда, «Ізденімпаз қаржы журналисі» аталымы бойынша «Егемен Қазақстан» газетінің журналисі Абай Аймағамбет марапатталды.

 

«Қаржы нарығын белсенді жазғаны үшін» LSM порталының журналисі Милана Бейноева банк марапатына ие болды.


Осы ретте айта кетейік, PR-форум – мемлекеттік және корпоративтік коммуникация нарығы бойынша өткізілетін дәстүрлі салалық конференция. Мұнда PR мамандары, журналистер, блогерлер бас қосып бүгінгі күннің өзекті мәселелерін талқыға салады және тың, қажетті шешімдер табу жолында өз пікірлерін ортаға тастайды. Ал елордада алғаш рет ұйымдастырылған «Ж күні» шарасы PR-форумның жалғасы іспетті болды.  Бұл бейресми кездесуге 200-ге жуық журналист, блогер, PR мамандары және қоғамдық пікір көшбасшыларының басы қосылды. Мұндай атаулы күнге негізделген мереке 8 жыл бұрын Алматыда алғаш ұйымдастырылып, содан бері дәстүрлі түрде өтіп келеді. Осы шаралар Jusan Bank-тің қолдауымен өтті.

Жалпы, қаржы институты қаншама игілікті іске мұрындық болып, қоғамдық коммуникацияны жолға қоюда үлкен еңбек атқарып, өзге банктерге үлгі болып жүр. Жақында ғана Алматыда банк бастамасымен өткізілген «Банк және инвестиция саласындағы журналистика» тақырыбындағы тренинг те – сөзіміздің дәлелі. Аталған тренинг барысында еліміздің әр аймағынан қаржы, инвестиция және экономика тақырыбын жазып жүрген 30-дан астам журналист келіп қатысты. Екі күнге созылған тренингке банк өкілдері, журналистер, сарапшылар келіп, білгенімен бөлісті. Айта кетейік, қаржы нарығына қалам тербейтін қазақ тілді журналистерге арналған тренингті еліміздегі екінші деігейлі бантер арасында бірінші болып  Jusan ұйымдастырып отыр.

«Қаржының күнделікті өмірде қаншалықты маңызды екені, оның әрбір отандасымыздың өмір сүру деңгейіне қалай ықпал ететіні бәрімізге мәлім. Дегенмен өз қаржысын дұрыс пайдаланып, ақшаны тек жұмсап қана қоймай, оны сақтап, көбейту жолдарын кез келген адам біле бермейді. Қаржы құралдары туралы ақпаратты қарапайым тілмен халыққа түсіндіріп, дұрыс бағыт беруде журналистермен бірге жұмыс істейтін болсақ, әрбір қазақстандық өз қаржысын еселей түсетініне кәміл сенемін. Журналистерді халық пен бизнес арасын жалғап тұрған алтын көпір деп білемін», деді «Jusan Bank» АҚ басқарма төрағасы Нұрдаулет Айдосов.

Жалпы, Jusan Bank-тің өзімен және басқа да екінші деңгейлі банктермен тікелей жұмыс істейтін журналистердің кәсіби біліктілігін арттыруға тікелей атсалысып жатқаны қуантады. Jusan-ның журналистермен қойын-қолтық жұмыс істесуі және оларға айырықша жанашырлық танытып, құрмет көрсетуі банк секторы мен журналистиканың қаржы сегментіне серпін береді деген сенім бар.

07.04.21 ж. № 1.2.35/225/37  лицензияны Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген.