Brent маркалы мұнай құны 2022 жылы $120 болуы мүмкін, деп хабарлайды Bloomberg агенттіігі Bank of America-ға сілтеме жасай отырып.
Банк сарапшыларының мәліметінше, алдағы бір жарым жылда мұнай нарығында ұсынысқа қарағанда сұраныс көп болмақ.
Автокөлік, ұшақ пен әуе қатынастарының да көбеюі жанармайға сұранысты артырып, бұл да бағаға айтарлықтай әсер етпек.
Ертең ОПЕК+ жиынында алдағы уақытта мұнай өндірісі көлемі белгіленеді. Айта кетейік, Қазақстан бұл тұрғыда мұнай өндірісінің өскенін қалайды.
АҚШ, Қытай мен Үндістан секілді ірі мұнай импорттаушылар өндіріс пен экспорттың көбейгенін сұрап отыр. Ал Сауд Арабиясы бағаны өсіру үшін өндірісті әдейі көбейтпей отыр.
Қазіргі таңда мұнай бағасы 84 долларға сәл жетпей тұр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін аталған Goldman Sachs банкі мұнай бағасының 90 долларға жететінін жорамалдаған еді.