2021 жылдың қаңтар-тамыз аралығында Қазақстанда 26,8 мың балық өндірілді, бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 39% аз, деп хабарлайды energyprom.kz.
Дайындалған немесе консервіленген балық өндірісі мен уылдырық өндірісі екі есеге дейін азайып, 9,4 мың тонна болды.
Соның ішінде Атырау облысындағы өндіріс 71,8% азайып, 3,5 мың тоннаны құрады. Сонымен қатар өндірістің азаюы БҚО (2 мың, 12,3% төмендеді) және Түркістан облысы (1,7 мың, 15,1% төмендеді).
Атырау облысында өндірістің күрт азаюына басты себеп зауытқа күрделі жөндеу жұмыстарының 20 жылдан бері жасалмауы. Техникалық база ескірген. Фильтрлер толықтай тозған. Пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен. Ал суды сорып алатын сорғылар үш сағаттан артық жұмыс істей алмайды.
Өндіріс азайып кеткеніне қарамастан өңделнген, консервіленген балық пен өзге де дайын өнімдерге сұраныс өсіп барады. 2021 жылдың қаңтар-тамыз аралығында отандық компаниялар сұраныстың 53,1%-ын жапты. Былтыр көрсеткіш 66% болған еді. Осы уақытта өндіріс 41,3% азайып, 31,9 мың тонна болса, импорт 0,6% өсіп, 28,2 мың тоннаға жетті.
Ішкі нарыққа сату былтырғыдан 30,1% азайып 48,7 мың тоннаны құраса, экспорт 10,5% азайып, 11,4 мың тонна болды.
Балық пен теңіз өнімдерінің бағасы тамыз айының соңында шілдемен салыстырғанда 0,6%, ал бір жылда 9% өсті.