Urpaq.Education мектебінде 2024 жылдың 22 мамырында екі бейнекурсын іске қосады. Бұл сыни ойлау мен шешім қабылдау курстары; балаларға арналған цифрлық гигиена және медиа сауаттылық.
«Біз әр баланың қолынан гаджет түспейтін, технологиялармен бірге біте қайнасып, өсіп келе жатқан әлемде өмір сүріп жатырмыз. Urpaq Education мектебі өскелең ұрпақты тек технологияларды экологиялық тұрғыда таза пайдалануға ғана емес, сонымен бірге цифрлық кеңістікте қорғана білуге шақырады. Біздің миссиямыз – интернет кеңістігін қауіпсіз әрі түсінікті ету, балаларды фейк жаңалықтарды ажырата білуге, кибер алаяқтықтан аулақ болуға, алынған ақпаратты сыни бағалауға және уақытты дұрыс басқаруға үйрету», — дейді ұйымдастырушылар.
Urpaq Education мектебінің курстары 7-ден 15 жасқа дейінгі балаларға арналған әрі қазақ тілінде қолжетімді. Бұл отбасылар үшін өте жақсы таңдау. Әрбір ата-ана өз балаларына сапалы әрі өзекті білім беруге тырысады.
Бағдарлама мазмұны жетекші мамандар мен педагогтар тарапынан әзірлене отырып, оқыту деңгейінің жоғары болуына және тәжірибелік маңыздылығына кепілдік береді.
«ЮНИСЕФтің «Kazakhstan Kids Online 2023» соңғы зерттеуіне сәйкес, қазақстандық балалардың жартысынан көбі, 14 жасқа дейінгі балалардың 40% астамы күн сайын тек ойын-сауық мақсатында онлайн отырады екен. Олардың үштен бірі кибербуллиңге ұшыраған», — дейді Urpaq Education негізін қалаушы Альбина Рамазан.
«Және интернетте балаларға төнетін қауіп-қатер жыл сайын артып келеді, ал гаджеттерді пайдаланатын ұрпақ тым тез жасаруда. Көптеген ата-аналар үшін 2 жастағы бала гаджетпен ойнап отырғаны қалыпты жағдай болып қалды», — деп қоса кетті Альбина Рамазан.
Оның айтуынша, мектептің міндеті — ата-аналарға балаларының бойында цифрлық гигиена мен сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруға көмектесу арқылы оларға цифрлық әлемде қауіпсіз бағыт-бағдар беруге мүмкіндік жасайды.
Курсқа тіркелу үшін urpaq.education сайтына өтіңіз.