«Бәйтерек» холдингі Bereke Bank-ті сатайын деп жатыр, деп мәлімдеді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова Мәжілісте.
«Жағдай былай: 8 наурызда біз оны SDN тізімінен алып тастадық. Қазір оның көрсеткіштері жақсы, капиталдың жеткіліктілігі қазірдің өзінде 10%. Енді банктің акционері болып табылатын «Бәйтерек» Bereke Bank акцияларын сату үшін инвесторларды іздеуге кіріседі», — деді Мәдина Әбілқасымова.
Ол «Береке» банкін сатып алуға бюджет қаражаты жұмсалмағанын айтты.
Еске салайық, Сбербанк пен «Бәйтерек» ҰБХ арасындағы сату-сатып алу мәмілесі 2022 жылдың қыркүйек айының басында болды, содан кейін банк атауын Bereke Bank деп өзгертті.