Мемлекет басшысының өкімімен Бағдат Батырбекұлы Мусин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.
Атамекен бизнес арнасының мәліметінше, Мусин цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды.