Қазақстандықтар орташа есеппен ай сайын азық-түлік сатып алуға 113 870 теңге жұмсайды. Бұл туралы Freedom Finance Global сарапшысы Ансар Абуев айтты.

Компания зерттеуіндегі сауалнама нәтижесі көрсеткендей, респонденттердің 27,3%-ы айына 50 мың теңгеге дейін, 25,9%-ы айына 75-тен 100 мың теңгеге дейін жұмсайды. Әрбір бесінші респондент (17,2%) осы мақсаттарға 100-ден 150 мың теңгеге дейін, 12% — 50 мыңнан 75 мың теңгеге дейін бөледі. Ал респонденттердің тек 10,4%-ы ғана 150-ден 200 мың теңгеге дейін өнім сатып алуға жұмсайды, 7,2%-ы 200 мың теңгеден жоғары жұмсайды.

Аңсар Абуевтың айтуынша, Қазақстандағы сатып алушылардың көпшілігі ең алдымен өнімнің жарамдылық мерзіміне (79,1%), бағасына (76,4%) және құрамына (45%) назар аударады.

«Әрбір оныншы қазақстандық тамақ өндіруші туралы ақпаратқа назар аударады (11,7%). Олардың 57,8%-ы үшін сатып алу қарастырылып жатқан тауардың Қазақстанда жасалғанын білу маңызды. Оның үстіне, бұл фактор көбінесе елорда тұрғындары үшін маңызды — 73,8%. Респонденттердің 44,8%-ы үшін өнімнің шыққан елі маңызды емес; Бұл фактор көбіне 100-ден 250 мыңға дейін халқы бар қала тұрғындары үшін маңызды», — деп атап өтті Аңсар Абуев.

Сондай-ақ сарапшы қазақстандықтар қандай өнімдерді жиі сатып алатынын айтты. 

«Сұралғандардың 33,1%-ы Қазақстанда өндірілген азық-түлікті өнімдерін күн сайын сатып алады, 20,5%-ы аптасына 3-5 рет сатып алады. Көбіне респондент нан және нан өнімдерін – 73,4%, сүт және сүт өнімдерін – 72%, жұмыртқаны – 67,7%, ет және құс етін – 60,1%, ұнды – 57,7%, жарма және макарон өнімдерін – 54,5% сатып алады. Респонденттердің тек 1%-ы ғана Made in Kazakhstan өнімдерін сатып алмайды», — деп келтірді Аңсар Абуев зерттеу нәтижелерін. 

Ол республика тұрғындары Қазақстанда жасалған азық-түлік өнімдерін таңдағанда назар аударатын негізгі 5 критерийді атады. 

«Сауалнамаға қатысқандардың 42%-дан астамы оларды өндірушіге сеніміне қарай сатып алады, 39,4%-ы өнімнің Қазақстанда жасалғаны маңызды, 37,4%-ы бағаға, 22%-дан астамы өнімнің жоғары сапасына мән береді, 17,8% — зиянды қоспалардың (ГМО, консерванттар) жоқтығына қарайды», — деп атап өтті сарапшы. 

Сауалнамаға қатысқандардың 30%-ға жуығы Қазақстанда жасалған өнімді сатып алудың кедергісі мұндай тауарлардың ассортиментінің шектеулі екендігін, 17%-ы мұндай өнімдердің сапасының төмендігін көрсетті, респонденттердің 16,1%-ы олардың бағасын тартымсыз деп санайды.

Егер шетелде өндірілген өнімді сатып алу туралы айтатын болсақ, респонденттердің 45,4%-ы жоғары сапасына, 34,9%-ы тартымды бағасына байланысты таңдайды. Респонденттердің 29%-дан астамы импорттық өнімді өндірушіге сенім артқандықтан сатып алады. Ең танымал импорттық өнімдердің бестігіне шай мен кофе, ірімшік пен шұжықтар, алкогольсіз сусындар, алкогольдік сусындар мен кондитерлік өнімдер кірді.