Британдық BAE Systems қорғаныс компаниясының еншілес ұйымы – BAE Systems (Kazakhstan) Limited Air Astana әуе компаниясындағы 10,1% үлесін сатты. Бұл туралы авиакомпания Лондон қор биржасына хабарлады. Бұл мәміледен кейін BAE Systems-тің үлесі 16,95%-дан 6,85%-ға дейін азайды.
«BAE Systems жалпы шығарылған акционерлік капиталдың 10,1%-ына тең 9 миллион жаһандық депозитарлық қолхаттарды (ЖДҚ) сатты. Мәміледен кейін компания 6 млн 109 мың 982 ЖДҚ-ны сақтап қалып, авиакомпанияның негізгі акционерлерінің бірі болып қала береді. Бағалы қағаздар нарықтық шарттармен сатылды», – делінген хабарламада.
Лондон қор биржасының деректері бойынша, 16 желтоқсан күні, Лондон уақытымен 8:31-де, Air Astana ЖДҚ-лары бойынша бір мәміле жасалып, бағасы – бір ЖДҚ үшін 6,7 доллар болды. 17 желтоқсан күні, 8:05 пен 9:36 аралығында, бір ЖДҚ-ның бағасы 6,06–6,38 доллар аралығында ауытқыды.
Айта кетсек, 17 желтоқсанда BAE Systems (Kazakhstan) Limited Air Astana ЖДҚ-ларын сатуды жоспарлап отырғанын хабарлаған болатын. Бұл қолхаттар әуе компаниясының барлық жай акцияларының шамамен 8%-ын құрайды.