Биыл жабылған компаниялардың көбі тек бір клиентпен – өзімен байланысты ірі немесе орта компаниямен (B2B — қызметі мен өнімін заңды тұлғаларға сататын бизнес — ред.) ғана жұмыс істеген. Бұл туралы вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
«B2B сегментінде жұмыс істеген 300 мың кәсіпорын болды. Соның 71%-ы декларацияны нөлмен тапсырған, яғни ешқандай табыс көрсетпеген. Сонымен қатар, 164 мыңының бір ғана ірі клиенті болған, ол клиенттер – соларды құрған компаниялар», – деді вице-премьер.
Бұған дейін Жұманғарин 2026 жылдың бірінші тоқсанында 207 мыңнан астам жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқанын хабарлаған. Олардың
- 39,2 мыңы — өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режиміне өткен;
- 94,2 мыңының 2025 жылы мүлде табысы болмаған.