Әзірбайжан жылына 2,2 миллион тоннаға дейін қазақстандық мұнайды қабылдауға дайын, деп хабарлады Энергетика министрлігі.

«2024 жылдың наурыз айында «ҚазМұнайГаз» мен Әзірбайжанның мемлекеттік мұнай компаниясы SOCAR арасында Қазақстан мұнайының Әзірбайжан арқылы транзитінің көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту туралы келісімге қол қойылды. Келіссөздер қорытындысы бойынша Әзірбайжан тарапы қазақстандық мұнайды қабылдау көлемін жылына 2,2 млн тоннаға дейін арттыруға дайын екенін білдірді», - деп түсіндірді ведомствода.

«ҚазМұнайГаз» мен SOCAR арасында Теңіз кен орнынан Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры (Әзербайжан-Грузия-Түркия) бағыты бойынша жылына 1,5 миллион тоннаға дейін мұнай тасымалдауды көздейтін келісім бар. Оған президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін ұлғайту туралы бұйрық бергеннен кейін қол қойылған.